Жаңалықтар таспасы
13.06.2013
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-1-бабына сәйкес Нарық субъектiлерiн Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгiзу және одан алып тастау қағидалары әзірленді.
Аталған Қағидалар нарық субъектiлерiн Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгiзу және одан алып тастау тәртібін айқындайды.
Осы жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды және жобаны іске асырумен байланысты қаржылық шығындарды талап етпейді.
11.06.2013
2013 жылдың маусымның 5 күні «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы Қызылорда қаласында Қызылорда облысы нарық субъектілері үшін «Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Қазақстан Республикасы монополияға қарсы Заңнамасының қолдану тәжірибесі және енгізілген жаңалықтары» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.
10.06.2013
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.
07.06.2013
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Басқарма отырысы өтті
Басқарма отырысында экономикалық шоғырлануға өтініш хаттар қаралды, ол бойынша бәсекелестікті шектеуге жол бермеу жағдайымен оң шешім қабылданды, өйткені мақұлданған мәмілелер нәтижесінде шоғырлану күшеймейді.
Агенттіктің тауар нарықтарына талдау жүргізу нәтижесі бойынша, Басқарма отырысында Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.
06.06.2013
2013 жылғы 6 маусымда Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңестің кезекті 4-ші отырысы өтті.
04.06.2013
БАҚ үшін ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) 2013 жылғы 6 маусымда Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңестің кезекті 4-ші отырысы өтетінін хабарлайды.
Консультативтік кеңестің кезекті отырысына Беларусь, Армения, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Сондай-ақ Консультативтік кеңестің отырысына Ресей Федерациясы Роспотребнадзордың басшысы Геннадий Григорьевич Онищенко қатысады.
Отырыс барысында тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселесінің ауқымды мәселелерін қарау жоспарлануда. Атап айтқанда қатысушылар кеңес отырыстары арасындағы кезеңде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласындағы елеулі оқиғаларды, 2012 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, тұтынушыларының құқықтарын қорғау ісінде мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі істердің жай-күйін талқылайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұтынушыларының құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін ұйымдастыру, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қаржы нарықтарын дамытудың стратегиялық міндеттері аясында қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдірудің рөлі мен мәні мәселелері қаралатын болады.
12.30-да журналистер үшін баспасөз - конференциясы өтеді.
Өзінің қатысуын аккредиттеуге үлгермеген журналистердің 2013 жылғы 4 маусымға дейін (сағат 18-00-ге дейін) 74-96-31 телефон-факсі бойынша және k.haseneeva@azkrk.kz электрондық нұсқада аккредиттеуден өтуіне болады.
Өткізу орны:
Астана қ., Министрліктер үйі, Д. Қонаев көшесі, 29/1, «Дипломат» қонақ үйі, «Бәйтерек» залы.
Тіркеудің басталуы: сағат 9-30
Іс-шараның басталу уақыты: сағат 10-00
Байланыс деректері:
Астана қ., Министрліктер үйі, 4-кіреберіс,
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік),
Стратегиялық жоспарлау департаменті,
Телефондар – 749631 (факс)
Электрондық мекенжай – K.Haseneeva@azkrk.kz
Ұялы тел. 87014293041
24.05.2013
Алғаш рет Астана Экономикалық Форумының шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) «Адал бәсекелестік призмасы арқылы экономиканы дамыту және қайта құру» атты дөңгелек үстел өткізді.
23.05.2013
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Агенттіктің алқа отырысы өтті, онда 2013 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстардың бірқатар қорытындылары, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің нәтижелілігі мен тиімділігі бөлігінде монополияға қарсы органның жұмысын жетілдіруге бағытталған, әзірленген шаралар қаралды.
22.05.2013
Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырған «Бәсекелестік туралы» Бірыңғай экономикалық кеңістіктің модельдік заңы» атты бесінші ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын аяқтады. Конференцияны өткізуге Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) белсенді түрде қатысты.
21.05.2013
2013 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Б.Б. Қуандықов Қазақстан Республикасының Президентi - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi басымдықтарын түсiндiру бойынша «Кедендiк одақ аясында Қазақстандағы бәсекелестiктiң дамуы» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметiнің брифингiнде қатысты.








































